$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Ресейге тиесілі бөлігі 2020 жылға қарай ретке келтіріледі

AstanaTV
15.07.2014ж. 20:00
2441
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Ресейге тиесілі бөлігі 2020 жылға қарай ретке келтіріледі

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Ресейге тиесілі бөлігі 2020 жылға қарай ретке келтіріледі. "Ресей көлік министрі Максим Соколов Орынборда  өткен кеңесте осыны мәлімдеді", - деп жазады "Айқын" газеті. Сондай-ақ ол қаржылық ресурстарды осы жобаға топтастырудың  маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, Ресейдің транзиттік әлеуетін толық көлемде пайдалану  Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен экономикалық қатынасты  дамытуға  ықпал етеді.

Сондай-ақ, Ресей үкіметінің өкілі Қазақстан мен Қытайдан қалыспау керектігін  қадап айтты. Қазақстан бастамашы болған «мега-жоба» Ресей аумағында тұралап қалған.  Ал Аспан асты елі  өздеріне тиесілі бөлікті толық ашуға даяр. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының Қазақстандағы бөлігі 2015 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Жобадан үнемделген қаржыға басқа жолдарды қайта салу қарастырылып жатыр. Мәселен, 75 шақырымдық «Күрті-Бурылбайтал» жолын реконструкциялау жөнінде келіссөздер басталды.

Айта өтейік, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»  жолының жалпы ұзындығы 8,5 мың шақырым. Оның 2,8 мыңдайы Қазақстанды басып өтеді. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА