Солтүстік
қазақстандықтар табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп отыр. Мағжан Жұмабаев
ауданында дүлей дауыл көтеріліп, бірқатар нысанның шатырын ұшырып әкетті.
Арасында мектеп, астық пен мұнай қоймасы да бар. Екпінді желдің
кесірінен электр желілері істен шығып, 200-ден астам жер үй екі күндей жарықсыз
қалды. Ал Ғабит Мүсірепов ауданында бұршақ аралас жаңбыр жауды. Салдарынан Червонное ауылы маңындағы 4 мың гектар егіс алқабының астаң-кестеңі шықты. Қазір
шығын көлемі есептеліп жатыр.
Евгений
Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
Егер әлгі 4000 гектар жер сақтандырылған болса,
онда сақтандыру компаниясы шығынды өтеп
береді. Алайда серіктестіктің келісімшарты бар ма, жоқ па, әзірге белгісіз.
Абзал ҚҰРМАНКИН