Қостанай
облысында «Ырғыз-Торғай-Жыланшық»
экологиялық дәлізі құрылды. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған аумақ 2 миллион гектардан астам
жерді құрайды. Атап айтқанда, Тобыл
өңіріндегі «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи
резерваттарының аумағын қамтиды. Осы арқылы төңіректі мекендейтін
киіктердің өсіп-өнуін, табиғи өрістерін қорғау мен төлдеуін қамтамасыз
ету көзделіп отыр.
Дәлізді құру
барысында далалық экожүйелердің, топырақ пен климаттың жағдайы
ескерілді. Киіктерді жер серігі арқылы
ғарыштан бақылау мәліметтері қолданылған. Арнайы жүргізілген есеп бойынша, киіктердің қазіргі саны Қазақстан
аумағында 216 мыңдай басқа жеткен.
Петр
Васильчишен, Қостанай облыстық орман
және аң шаруашылығы инспекциясы бастығының орынбасары:
Дәліздің
құрылуы - киіктер санының артуына мол септігін тигізері сөзсіз. Барлық табиғат
қорғаушы мекемелербірлесіп, осы игішараға атсалысатын боламыз. Аң аулаумен киіктердің мекен ауыстыру кезеңінде бөгде
адамдардың кедергі келтірмеуін
қадағалаймыз.
Заңғар САНАЙ