Қазақстандық
«Ордабасы» футбол командасының бұрынғы бапкері енді италиялық футбол ұжымын
жаттықтырады. 53 жасар Виктор Пасулько италия чемпионатының D сериясында өнер
көрсететін «Орландинамен» келісімге қол қойды. Естеріңізге салайық, Украиналық маман отандық «Ордабасымен»
Қазақстан кубогы мен Суперкубокты ұтып, команданы еуро кубок ойындарына алып
шықты. Өзге де спорт жаңалықтарын әріптесім Азамат Алдоңғаров ұсынады.
Күні
кеше аяқталған футболдан әлем чемпионатының үздігі атанған Лионель Месси
мундиальдің ең пайдалы деген ойыншыларының ондығына да іліге алмады.
Аргентиналық шабуылдаушы барлық 7 кездесуде 4 гол және жалғыз нәтижелі пасымен
көзге түсті. Тіпті, әйгілі Марадона "Лео бұл атаққа лайық емес"
деген болатын. Ал ең пайдалы футболшыны анықтаған тізімді неміс Тони Кроос
бастады. Үздіктер қатарында голландиялық Арьен Роббен мен Стефан де Врей де бар.
Бразилия
билігі түскен табысын есептеуде. Бір
айға созылған чемпионат барысында миллиондаған мейман келді. Олардың барлығы
футбол жанкүйерлері емес. Мәселен Бразилияға келген бизнесмендер бас-аяғы 6
миллиард долларға келісімшарт жасасқан. Бұл қаражат 12 стадион құрылысы мен ел
инфрақұрылымына жұмсалған шығынды толығымен өтейді. Сондай-ақ ірі еуропалық
букмекер кеңселерінің табысы Оңтүстік африкада өткен доп додасына қарағанда, екі
есеге артқан. Британдық бір кеңсе жоспарлаған 200 миллион еуро межесіне тек 1/8
іріктеу кезеңінде қол жеткізген. Ең табысты ойын Уругвай мен Англия
құрамаларының кездесуі болған көрінеді. Құмар ойынға әуестердің көпшілігі
ағылшындарға бәс тіккен. Букмекерлер кем дегенде 8 миллиард еуродай табыс
тапты.
Винченцо
Нибали "Тур де Франс" көпкүндігінің оныншы кезеңінде жеңіске жетіп, жеңімпаздың
сары жейдесін өзіне қайтарды. Итальяндық велошабандоз 162 шақырым қашықтықты
бірінші болып бағындырды. Бұл «Астана» командасы капитанының екінші жеңісі.
Нибали үшін Гран-тур жарыстарындағы осы жеңісі тәжірибесіндегі ең қиын жеңіс
болып саналады. Кезең көтерілуді қажет ететін 7 жол бөлігінен, жаңбыр, тұман
және көптеген құлаулармен ауырлатылған болатын. Бұл қиындыққа төзе алмаған кей
үзіктер жарыс жолынан шығып қалды. Альберто Контадор тізесінен жарақат
алып, көпкүндікті аяқтауға мәжбүр болды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ