Ақтөбедегі
мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, 3 адам жарақат алды. Олардың бірі ауыр халде
аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Мамандар денесінің 80 пайызын
күйік шалған деп отыр. Өзгелерінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Өрт
кеше кешкісін жергілікті уақытпен сағат түнгі 22-лер шамасында мұнай құйылған
бөшкеде тұтанған. Қызыл жалын таңғы сағат 3 жарымда әзер ауыздықталды. Өрт
жалпы аумағы 380 шаршы метр жерді қамтыған. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру
қызметінің 100-ге тарта маманы тартылды.
Асқар Төлешев,
Ақтөбе облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
Қасында
тұрған бөшкелерге жалын өткен жоқ. Бұдан басқа 5 резервуарда бензин, мұнай және
өзге де жанар-жағармай сақтаулы болатын. Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері
мен шығын көлемі анықталуда.
Мансұр ЕСҚОЖИН