23 адамның өмірін жалмаған
Мәскеу метросындағы апатқа қатысты жаңа деректер анықталып жатыр. Қайғылы
оқиғаға бағыт көрсететін құрылғыдан шыққан ақау емес, поездың астына түскен
бөгде зат себеп болуы мүмкін. Бул туралы «Комерсант» басылымы жазады.
Сарапшылар апат болған жерден 50 метр қашықтықтағы бетон қабырғадан сырылған
іздерді байқаған. Ол поез табанына түскен заттың іздері болуы ықтимал. Ал
тәуелсіз сарапшылар бағыт көрсететін құрылғыдан ақау шықты деген алғашқы
болжамды жоққа шығарды. Бүгінде осы іске қатысы бар деген күдікпен екі адамның
ұсталғаны белгілі. Олар жол жөндеу шебері мен оның көмекшісі.
Естеріңізге сала
кетсек, шілденің 15-де таңғы уақытта үш
вагон темір жолдан тайып, бетон қабырғаға соғылған еді. Оқиғаға байланысты
«Көлік қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал бүгін күдіктілерді тұтқындау мәселесі
бойынша соттың шешімі шығады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ