$498.34 €519.72 ₽4.85
×

СІМ: Апатқа ұшыраған Боингтің бортында Қазақстан азаматтары жоқ

AstanaTV
18.07.2014ж. 20:00
1073
СІМ: Апатқа ұшыраған  Боингтің бортында Қазақстан азаматтары жоқ

Апатқа ұшыраған  Боингтің бортында Қазақстан азаматтары жоқ. Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Дегенмен  қайғылы оқиға бойынша Нидерланды мен Малайзиядағы дипломатиялық елшіліктерімізде  шұғыл желі іске қосылған. 

Министрлік өкілдері  қаза тапқандардың туыстарына қайғырып көңіл айтады. Украинаның шығыс бөлігінде қақтығысқа қатысушы  тараптарды қарудан бас тартып,  қайшылықтарды шешудің бейбіт жолын іздестіруге тағы да шақыратынын жеткізді. 

Нұржан Айтмаханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ұшақта Қазақстан Республикасының азаматтары болмаған. Бұл мәселені біз әрі қарай анықтаудамыз. Және қосымша ресми түрде ақпарат келіп түскен жағдайда сіздерді хабардар ететін боламыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА