Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі өтті. Алғашқы матчта қарағандылық
«Шахтер» сырт алаңда литвалық
«Атлантоспен» тең түсті. «Кеншілер» құрамасы ойынның бірінші таймында есеп ашу
мүмкіндігіне ие болған, алайда доп қақпаның маңдайшасына тиді. Ойын барысында қос команданың шабуылшылары
белсенділік танытып, бірнеше рет есеп ашу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл
күні қақпашылар жасындай жарқылдап,
қақпаға бағытталған соққыларды шебер қайтарып отырды. Таблодағы есеп: 0 - 0.
Қарымта ойын Қарағандыда өтетін болады.
Ал Алматылық «Қайрат» сырт алаңда даниялық
«Эсьбергпен» кездескен. Бұл жолы қазақстандық команданың жолы болмады. Ойынның
соңғы минутында «Қайраттың» қақпасына он бір метрлік айып добы тағайындалып,
Йосип Кнежевич жеңіс голын соқты. Елордалық «Астана» клубы өз алаңында
израильдің «Хапоэльін» тізе бүктірді. Есеп: 3 - 0.
Станимир
Стойлов,
«Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы:
Мен үшін қарымта
кездесу ауыр болмақ. Себебі "Хапоэль" - өте тәжірибелі команда. Олар жасыл алаңда қандай ойын түрін көрсету
керектігін біледі. Ойыншылары да шебер. Келер ойын қиын болса да, сәтті өтеді
деген ойдамын.
Жұрағат БАМАН