$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ҚР СІМ малайзиялық ұшақ апатының тексеру жұмыстарына қатысты украиналық әріптестерінен ресми мәлімдеме алған жоқ

AstanaTV
21.07.2014ж. 20:00
1057
ҚР СІМ малайзиялық ұшақ апатының тексеру жұмыстарына қатысты украиналық әріптестерінен ресми мәлімдеме алған жоқ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі малайзиялық "Боинг 777" ұшағы апатының тексеру жұмыстарына қатысты украиналық әріптестерінен қандай да бір ресми мәлімдеме алған жоқ. Бұл жөнінде "Астана" арнасына ведомствоның баспасөз хатшысы хабарлады.

Айта кетейік, ақпарат құралдарында Украина басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасалған ақпарат тарады. Онда «Петр Порошенко Қазақстанды ұшақ қалдықтарын зерттеу жұмысына қатысуға шақырды» делінген. Бірақ сайтта бірлескен тексеру жұмыстары жөнінде мүлде жазылмаған. Яғни ақпардың алғашқы дереккөзі белгісіз. 

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Никакого официального обращения с украинской стороны не было. Так что никак не могу комментировать.

Базаргүл ІЗІМОВА