$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде футболсүйер қауым Тбилисидің "Динамо" командасымен болатын ойынға билет таба алмай жүр

AstanaTV
21.07.2014ж. 20:00
1466
Ақтөбеде футболсүйер қауым Тбилисидің "Динамо" командасымен болатын ойынға билет таба алмай жүр

Ақтөбеде әбігер. Футболсүйер қауым Тбилисидің "Динамо" командасымен болатын ойынға билет таба алмай жүр. Орталық стадион маңында таңертеңнен бері адам қарасы қалың. Теңбіл доп жанкүйерлері тіпті сала-құлаш тізім де жасаған.

13 мың адамға шақталған стадионнан барлық көрерменге орын табыла қоймасы анық. Өткен жылдарда орын алған айқай-шуды стадион басшылығы ескермеген сыңайлы. Темірмен қоршап, полицейлердің көмегіне жүгінуден өзге шара қолданбаған. Бір қолға үш билеттен артық берілмейді. Алыпсатарлармен күрестің түрі осы. Соған қарамастан стадион маңында билетті бірнеше есе құнына саудалап жүргендер де бар.

Айта кетейік, Ақтөбе УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында Тбилисидің "Динамосын" 1-0 есебімен тізе бүктірген болатын. Жауапты кездесу Қобыланды батыр атындағы Ақтөбе орталық стадионында 23 шілде күні өтеді.

Мұрат Исанов, «Ақтөбе» ФК жанкүйері:

20 минут, максимум 30 минут сатылды да болды. Басқа билет жоқ деп жатыр. Ол қалай сонда? Администрация спекулянттарға сатқан. Ертең 5 мың-3 мыңнан кемі сатады осы жерде. Ондайды тоқтату керек қой. Ал болельщиктер, основной болельщиктер күйеді сондай кезді. Ал спекулянттар ақша істейді.

Мансұр ЕСҚОЖИН