$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Астанада теннистен Қазақстан Президентінің кубогі үшін ойындар басталады

AstanaTV
21.07.2014ж. 20:00
1389
Астанада теннистен Қазақстан Президентінің кубогі үшін ойындар басталады

Астанада теннистен Қазақстан Президентінің кубогі үшін ойындар басталады. Әлемнің 30 елінен келетін спортшылар кубокті өзара сарапқа салмақ. Кезекті ойындардың ерекшелігі биыл қатысушыларға атақты «Тур де Франс» көпкүндігінде сыйға тартылатын ерекше хрусталь кубокқа ұқсас сыйлық тартылады деген жоспар бар. Турнирдің жүлде қоры 225 мың долларды құрайды.

Өткен жылы ақтық кездесуде жолы болмаған Михаил Кукушкин биыл жеңістен үмітті. Өз сөзінде спортшы көптеген теннисшілердің жер төсемі бар корттардан хард алаңға ауысуы қиын болатынын атап өтті.

Михаил Кукушкин, Қазақстанның бірінші ракеткасы:

Президент кубогі - ең маңызды турнирлердің бірі. Бәріміз жаппай дайындалып жатырмыз. Мен жұма күні Астанаға келдім. Жарысқа жүйелі дайындық жүргізудемін. Жеңіс үшін аянып қалмаймын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ