$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қазақстан жаһандық инновациялық рейтингте тағы бес тұғырға биік көтерілді

AstanaTV
22.07.2014ж. 20:00
1070
Қазақстан жаһандық инновациялық рейтингте тағы бес тұғырға биік көтерілді

Бес қадам алға. Қазақстан жаһандық инновациялық рейтингте тағы бес тұғырға биік көтерілді. "Халықаралық сарапшылар осындай ұйғарымға келген", - деп жазады "Айқын" газеті. Нәтижесінде әлем елдері арасында өнертабыстарды қолдау мен жаңа технологияларды өндіру бойынша 79-орынға жайғастық. Өткен жылы 84-орынға тұрақтаған едік.

Мақалаға сүйенсек, зерттеу 143 елді қамтыған. Биыл дүниежүзіндегі ең инновациялы елдер болып Швейцария, Ұлыбритания және Швеция танылды. Олардан кейін Финляндия, Нидерланды, АҚШ, Сингапур жайғасқан. «Экономикалық зерттеулер институты» мамандарының пікірінше, Қазақстанның тұрақты өсуіне және жекелеген көрсеткіштерінің жақсаруына қарамастан, инновацияларды ендіру мен қолдаудың ұлттық жүйесі қалыптасу сатысында.

Шындап келгенде, инновациямен соңғы 6-7 жылда ғана шындап айналыса бастадық. Әлемдегі жетекші елдерден қалып қоюымыздың себебі де осында жатыр делінген мақалада.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА