$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда су добынан әлем кубогі үшін жарыс басталады

AstanaTV
22.07.2014ж. 20:00
1118
Алматыда су добынан әлем кубогі үшін жарыс басталады

Алматыда су добынан әлем кубогі үшін жарыс басталады. Қазақстандық команда АҚШ, Венгрия, Австралия, Оңтүстік Африка мен Сербия, Хорватия және Черногория құрамаларымен бақ сынасады.



Ал "Геннадий Головкин қарсыласы Даниел Гилді сайыс соңына жеткізбей ұтатын болады. Мұнымен қоймай қазақстандық боксер австралиялықты 7-раунда нокаутқа түсіреді". Американдық ақпарат құралдары осындай болжам жасап үлгерді. Головкиннің өзі де Гил барлық 12 раундта тынымсыз өнер көрсетеді дегенге күмәнмен қарайтынын айтқан. Мұны статистика да растайды. 2008 жылдан бері қарағандылық былғары қолғап шебері қарсылас шақ келтірмей келеді. Алдағы айтулы бәсеке 27 шілдеде Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл Головкинның кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе жегі.



«Тур де Франста» тағы бір көшбасшы жарыс жолынан шығып қалды. Әлем чемпионы Руй Кошта денсаулығы сыр бергендіктен, сайысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Ол бірнеше кезеңде бронхит сырқатына қарамастан, өнер көрсеткен. Салдарынан португалдық спортшыда пневмония дерті анықталды. Осылайша шабандоз 16-кезеңге шыға алмады.

Айта кетейік, «Астана» командасының өкілі Винченцо Нибалиден 13 минутқа қалып қойған Кошта тур барысында 13-орынға тұрақтаған болатын. Бүгінге дейін түрлі себеппен Фабиан Канчеллара, Альберто Контадор, Крис Фрум, Энди Шлек пен Марк Кавендиш жарыс жолынан тыс қалды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА