Хамас Израильмен қақтығыстарды тоқтатудан бас тартуда. "Газадағы қоршау
алынбаса, бейбіт келіссөздер туралы әңгіме болуы мүмкін емес", - деді
Хамас қозғалысының лидері Халед Машааль.
Дохада өткен баспасөз жиынында Машааль бұл шешімнен болашақта да бас
тартпайтынын жеткізді. "Біз халықаралық қауымдастық пен Мысырдың аймақтағы
жағдайға бас сұғуына қарсы емеспіз, алайда "Палестиналық анклавтан" "блокада" алынбаса, Израильға оқ атуды тоқтату ұсынысы орынсыз. Тек
біздің талаптар орындалған жағдайда, оқ атуды тоқтату мерзімін жариялайтын
боламыз" - деді ол.
Атыста қаза тапқандар саны 700-ге жетті, 4 жарым
мыңдай адам жараланған. Израиль тарабы палестиналықтардың шартына құлақ асар
емес. Олар "Мызғымас жартас" атты операцияны әлі де жалғастыруда.
Салдарынан 23 палестиналық азамат оққа ұшты. Оның алтауы - бала.
Басами Аль Масри, бас дәрігердің
орынбасары:
Бүгін бізге үш адам
әкелінді. Әуе соққысын бастан өткізген болуы керек. Оларды сақтап қала алмадық.
Жас шамалары жиырмадан аспайды. Тағы бір 4 айлық сәби қайтыс болды.
Жұрағат БАМАН