Тайваньдағы ұшақ апатының орнында
құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар темір қаңқалардың астынан әлі де
тірі қалғандарды іздестіруде. Ұшақ бортында бас аяғы 54 жолаушы болған. "Оның
48-і қаза тапты", - деп хабарлайды Рейтерс.
Әуе кемесі үйлердің үстіне
құлаған. Жергілікті тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Куәгерлердің
айтуларынша, оқиға болардан алдын әлдебір жарылыс дыбысы естілген. Ұшақ
әуежайға дейін небары бірнеше шақырым қалғанда құлады. Мамандардың пікірінше, апатқа қолайсыз ауа-райы себеп болған. Дәл қазір бұл аумақта Матмо дауылы өршіп
тұр. Ұшақ капитаны әуе кемесін төтенше жағдайда қондыруға мәжбүр болған.
Қазақ
тапқан азаматтардың отбасылары TransAsia Airways әуе компаниясынан көмек
ретінде 33 мың доллар, ал зардап шеккендерге 6 мың доллардан өтемақы төленбек.
Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қытай мен Тайвань билігі қаза
тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ