$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Білім және ғылым министрлігінің екі шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
24.07.2014ж. 20:00
1487
Білім және ғылым министрлігінің екі шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Білім және ғылым министрлігі қаржы басқармасының бастығы Қалдыбаев пен жастар саясаты басқармасының бастығы Ыбыраевқа қатысты қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады. Олар балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға арналған қоғамдық іс-шаралар өткізілгені туралы жалған есеп берді деп айыпталуда.

Салдарынан мемлекетке сексен миллион теңгеден астам шығын келген. Бұл туралы Қаржы полициясының Астана қаласы бойынша департаментінде айтылды. Онда үстіміздегі жылдың бірінші жартысында жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар қорытындысы талқыланған. Қаржы полицейлерінің мәліметіне сай, қос шенеуніктің Ақтөбеде бұқаралық шаралар өткізілді деп берген есептері жалған болып шыққан.

Аслан Рыспаев, Астана қаласы бойынша ЭҚСЖҚКД 2-ші басқармасының бастығы:

Білім және ғылым министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қозғалған іс бойынша, олар Ақтөбе қаласында бұқаралық шаралар ұйымдастыруы қажет еді. Алайда онда ешқандай шара өткізілмеген. Жалған актілер толтырылып, тапсырылып, сөйтіп, есеп берілген. Бұл тергеу барысында дәлелденді.

Асан ҚАЛИАХМЕТ