$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қостанай облысында Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды

AstanaTV
24.07.2014ж. 20:00
936
Қостанай облысында Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды

Қостанай облысының 7 жасар тұрғыны Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

Хадиша Құсайынова, Қостанай облыстық сотының судьясы:

18 шілде күні қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір азамат ұсталды. Тергеу органдары оны тұтқындау туралы қаулы шығарып, сотқа жіберді. 20 шілдеде Рудный қалалық соты күдіктіні он күнге қамауға алуға санкция берді.

Естеріңізге салайық, сәуір айында Рудный қаласында бірінші сыныптың оқушысы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Куәгерлер оны белгісіз бір ер адамның алып кеткенін хабарлаған. Аяғын сылтып басатын күдіктінің сұлбасын бейнекамера түсіріп алған. Қаршадай қызды іздестіруге полицейлермен қатар мыңдаған еріктілер жасағы жұмылдырылды. Бір айдан соң Викторияның өлі денесін Владимир Радченко бастаған еріктілер тобы қала маңынан тапты. 

Владимир Радченко, ерікті (телефон арқылы):

Естуімше ұсталған күдіктінің тұрақты мекенжайы жоқ. Ол бейімдеу орталығын мекендейді және арнайы дәрі қабылдайтын көрінеді. Ал оның қылмыс жасағаны, әлде жасамағаны дәлелденген жоқ.

Заңғар САНАЙ