Жеті жасар Виктория Ганяның өліміне қатысы бар деп ұсталған күдікті тергеу
барысында кінәсін мойындады. Және оны екі куәгер таныды. Бұл туралы Қостанай
облыстық прокуратурасы мәлімдеді. Құзырлы органның ақпаратына сай, Рудный
қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрып келген 19 жастағы азамат
полицейлердің күдігін тудырған.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары Болат
Челикеновтың мәлімдеуінше, бозбала тәртіп сақшыларының сұрағына жауап беруден
бас тартып, қашуға әрекеттенеді. Оған жүйке ауруының жеңіл түріне шалдыққан
деген диагноз қойылған. Сол себепті күдіктімен сөйлесуге психиатр дәрігер
араласты. Ол әңгіме барысында өзінің жасаған қылмысы туралы айтып берген.
Естеріңізге
салайық, сәуір айында Рудный қаласында 7 жасар қыз бала жоғалып кеткен
болатын. Бүлдіршінді іздестіруге полицейлермен қатар мыңдаған еріктілер жасағы
жұмылдырылды. Бір айдан соң Викторияның өлі денесі қала маңынан табылды.
Заңғар
САНАЙ