$541.93 €636.71 ₽6.83
×

Тәуелсіздік күні Қызылжардағы аялдамаларда ерекше кітапхана ашылды

AstanaTV
16.12.2015ж. 20:00
1618
Тәуелсіздік күні Қызылжардағы аялдамаларда ерекше кітапхана ашылды

Ал Қызылжарда ерекше кітапхана ашылды. Кішігірім кітап қоры жылы аялдаманың ішіне орналастырылған. Білім құралын кез-келген адам тегін ала алады. Оқырман билетінің де қажеті жоқ. Мұнда түрлі жанрдағы мыңнан астам еңбек бар. Оларды тек аялдамада ғана емес, үйге алып кетіп оқуға да рұқсат беріледі.

Елімізде алғаш рет жүзеге асырылған жобаның мақсаты - автобус күтушілердің уақытын қысқарту, екіншіден, халықтың кітапқа деген қызығушылығын ояту. Бастамаға облыстық ғылыми кітапхананың қызметкерлері мұрындық болған. Аялдамадағы кітаптар да осы мекемеден алынды. Тың бастама тұрғындардың көңілінен шығуда.

Галина Науменко:

Балаларымыз көбіне компьютерден көз алмайды. Одан да осында келіп кітап оқыса, дұрыс болар. Жақсы бастама. Кітап қоры да аз емес. Кез-келген дүниені табуға болады. 

Абзал ҚҰРМАНКИН