$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ақтөбеде нарықтық экономикадағы бәсекеге қабілетті кәсіпорындар анықталды

AstanaTV
25.07.2014ж. 20:00
1808
Ақтөбеде нарықтық экономикадағы бәсекеге қабілетті кәсіпорындар анықталды

«Қазақстанның үздік тауары». Ақтөбеде нарықтық экономиканың талабына сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар анықталды. Аймақтағы тауар өндірушілер өз өнімін көпшіліктің алдына шығарып, шағын жарнама жасауға да мүмкіндік алды. Қазақстанның тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта өткен көрмеде ірі кәсіпорындармен қатар шағын бизнес өкілдері де бақ сынады.

Шараның мақсаты - отандық өнімдердің сапасын арттыру. Облыстағы үздік ретінде іріктелген 20 кәсіпорын 3 номинация бойынша: өндірістік мақсаттағы, халық тұтынатын және үздік азық-түлік тауарларын анықтады. Қорытындысын арнайы құрылған сарапшылар тобы анықтайтын болады. Көрме-конкурс жеңімпазы Астанада өтетін республикалық сайыста Ақтөбе облысының намысын қорғайды. 

Анатолий Марченко, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері» ҚБ директоры:

Мұндай көрмелер кәсіпорындарға үлкен көмек. Жан-жақты қолдау алады. Банктер болсын, жергілікті билік болсын, тіпті өзге де кәсіпорындар осы көрмеге келіп, жұмыстарды көріп, бірлесе еңбек етуге мүмкіндік туады.

Мансұр ЕСҚОЖИН