Кеден одағы елдерінде 5-10 жыл ішінде бірыңғай валюта пайда болуы ықтимал.
Бұл туралы Татарстанда өткен Халықаралық білім форумы барысында Ресейдің
бірінші вице-премьері Игорь Шувалов айтты. "Еуразиялық экономикалық одақта
жаңа валютаның пайда болуы таңқаларлық емес, бұл - уақыт талабы", - деді
Шувалов.
Еске салайық, мамыр айында Ресей, Беларусь және Қазақстан Еуразиялық
экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойған. Ол 2015 жылдың бірінші
қаңтарында күшіне енбек.
Игорь Шувалов, РФ бірінші вице-премьері:
Кеңес одағы құлаған кезде, рубльдің де қауқары құлдырады. Сол
кезде біз бірыңғай экономикалық кеңістікті қираттық. Ал енді әрбіріміз
жеке-жеке мемлекет болып қалғанымызбен, бірлескен кеңістікті қайта
жандандырудамыз. Әйтсе де, Ресей Федерациясы дүниежүзілік сауда ұйымына мүше
болып қала беруі керек.
Жұрағат БАМАН