$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Геннадий Головкинді жеңісімен Қазақстан Президенті құттықтады

AstanaTV
28.07.2014ж. 20:00
1109
Геннадий Головкинді жеңісімен Қазақстан Президенті құттықтады

Қазақстандық Премьер Лиганың 21-кезеңі жанкүйерлер ең аз жиналған кезең болып танылды. Алты ойынға жалпы саны 19 мың 700 адам ғана келген. Бұған дейінгі жылдары бұл сан 35 мыңға дейін жеткен болатын. Белсенділігі ең төмен жанкүйерлер Керекуде. Жергілікті команданың ел чемпиондары «Ақтөбемен» өткен ойынын 2 мыңнан асар-аспас жанкүйер тамашалапты. Ал «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасы шеңберінде өз алаңында АИК швед командасына қарсы өтетін кездесудің билет құнын белгіледі. Баға 200 бен бір мың теңге аралығында. Спорт жаңалықтарымен Азамат Алдоңғаров.



Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 30-жеңісіне қол жеткізіп, кезекті чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Қарсыласының кездесу алдындағы сенімділігіне қарамастан, мамандар басымдықты бір ауыздан қазақстандыққа берген болатын. Австриялық Дэниэль Гилдің шаршы алаңдағы әрекеті ұзаққа созылмады. Геннадийдің соққыларына төтеп бере алмаған боксер екінші раунда нокдаунға түссе, үшінші раундтың ортасында нокаут алып, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. «Бас шайқауымды төреші дұрыс түсінбей, төбелесті тоқтатты», - деген Гил отандасымыздың жойқын соққысы мен техникасын мойындады. Ал WBA және IBF нұсқалары бойынша чемпион британдық Карл Фроч Головкинмен кездесуден мүлдем қашу керек деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Гена - кез келген боксы үшін қауіпті қарсылас. Отандасымыз кіші Хулио Сезар Чавес, Питер Куиллин және Мигель Коттомен қолғап түйістіргісі келетінін айтты. Геннадий Головкинді жеңісімен Қазақстан Президенті құттықтады.



«Астана» командасының капитаны "Тур де Франс" велокөпкүндігін ұтып алды. Винченцо Нибали бұл жеңісін «өмірімдегі ең керемет сәт» деп ағынан жарылды. Көшбасшының сары жейдесін жарыстың екінші кезеңінде киген шабандоз онымен бір-ақ күнге қоштасып, қорытынды күні мәреге жеңімпаз болып жетті. 86 сағат 37 минут 52 секунд көрсеткіші қарсыластарға бағынбады. Бұған дейін астана командасының капитаны «Вуэльта» және Джиро д`Италияның жеңімпазы атанған болатын. Аталмыш көпкүндік Париждің Елисей көшелерінде аяқталды. «Достық кезеңде» мәреге бірінші болып Марсель Киттель келді.



Қазақстан президенті кубогінің ақтық ойындарынан теннисшілеріміз тыс қалды. Виталия Дьяченко шешуші айналымда түркиялық қарсыласынан айласын асырып, бас жүлдені Ресейге әкетті. Ерлер бәсекесінде литвалық Ричардас Беранкнис жеңіске жетті. Отандық теннисшілер турнирдің алғашқы кездесулерінде-ақ жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстанның үздік теннисшісі бірде төрт кезеңінде белорус Егор Герасимовқа есе жіберді. Отандық бірінші ракетка АТР рейтингінде үздік 50-дің қатарынан шығып қалды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ