$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
29.07.2014ж. 20:00
834
Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытында орын алған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді тәртіп сақшылары өрт шыққан «Вернал Ойл» серіктестігіндегі қауіпсіздік ережесі мен еңбек жағдайын тексермек.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

ҚР Қылмыстық кодексінің 246-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Осы деректің барлық себеп-салдарын анықтау мақсатында кешенді өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды.

Естеріңізге салайық, Қандыағаш қаласындағы мұнай резерватында 16 шілде күні өрт шығып, 3 адам жарақат алды. Оқиға куәгерлері қызыл жалынның мұнай резервуарын тазалау кезінде электросорғының ақауы салдарынан шыққанын айтады. Аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген, денесінің 85 пайызын күйік шалған жұмысшы Еркінбек Халиулин бірнеше тәуліктен соң ауруханада көз жұмған. Оқыс оқиғадан зардап шеккен өзге 2 азаматтың бірі аудан дәрігерлерінің қарауында. Екіншісі облыс орталығына жеткізілді. Ақ халаттылар оның жағдайы әлі де ауыр деп отыр.

Мансұр ЕСҚОЖИН