$526.81 €542.72 ₽5.16
×

ЕО енгізген санкциялардан Ресей Федерациясы екі жылда 100 миллиард еуро шығынға батуы ықтимал

AstanaTV
29.07.2014ж. 20:00
1193
ЕО енгізген санкциялардан Ресей Федерациясы екі жылда 100 миллиард еуро шығынға батуы ықтимал

Еуроодақ енгізген санкциялардан Ресей Федерациясы екі жылда 100 миллиард еуро шығынға батуы ықтимал. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы жариялады. Бүгінде Еуроодақ Ресейдің банк секторы мен энергетика және қорғаныс салаларына жаңа шектеулер қоймақ.

Атап айтсақ, Еуроодақ пен АҚШ Ресейге энергетикалық секторға арналған инновациялық технологияларды жеткізуді тоқтатады. Қаржы қызметі мен әскери тапсырыстарға да шектеу пайда болуы ықтимал. Еуроодақ бүгінде ресейлік және украиналық жеке және заңды тұлғаларының қара тізімін ұлғайтуды жалғастыруда. Ал "Wall Street Journal" газетінің мәліметінше, тізімге тағы бес адам енгізілмек. Сондай-ақ, бірнеше компанияларға шектеу қойылады. Оның ішінде ВТБ және Сбербанк те бар. Жалпы жаңа санкциялардың енгізілу уақытын Еуроодақ кеңесі бүгін шешеді. 

Тони Блинкен, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісінің орынбасары:

Біз еуропалық лидерлер осы аптада Ресей Федерациясының экономикалық секторына қатысты қосымша жазалау шараларын қолданады деп күтудеміз.

Жұрағат БАМАН