$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Израиль әскері Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірінің үйіне оқ жаудырды

AstanaTV
29.07.2014ж. 20:00
1220
Израиль әскері Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірінің үйіне оқ жаудырды

Израиль әскері Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірінің үйіне оқ жаудырды. Араб телеарналары таратқан мәліметке сай, Исмаил Ханидің баспанасына үш бірдей зымыран жіберілген. 

Бұл ақпарды оның ұлы Хании Абед Салам «Фейсбуктағы» парақшасында растаған. Жазбада «Израиль әскері үйге екі рет оқ жаудырды»  делінген. "Әскери іс-қимылдар барысында Исмаил Ханидің Газадағы Эш-Шати лагеріндегі үйінде ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды Рейтерс.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық қауымдастық "Рамазан" айында оқ атуды доғару туралы талап қойған. Бірақ мұны алғаш болып Хамас қозғалысының әскерлері бұзған еді. Олар Эшколь елді мекеніне минаметтермен оқ атты. Салдарынан 4 адам қаза тапқан. Бұдан кейін Израильдің премьері Биньямин Нетаньяху әскери шаралар қайта жанданатындығын жария еткен болатын. Еске салайық, Израильдің "Мызғымас жартас" операциясы 7 шілдеден бері жалғасып жатыр. 

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

Бізді ауыр кезең күтіп тұрғанын білдік. Израильге қарсы келген террористік ұйымды жеңу үшін, сабырлылық пен батылдық қажет. Біз жерасты жолдарын жою арқылы, Израиль аумағына бас сұққандардан құтылмақпыз.

Жұрағат БАМАН