$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Таразда дауыл салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

AstanaTV
29.07.2014ж. 20:00
1692
Таразда дауыл салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

Табиғаттың тосын құбылысы тараздықтарды да біраз сілкілеп алды. Секундына 30 метр жылдамдықпен ұйытқыған желдің салдарынан қалада жарық сөнген. Ал Астанадан Әулиеатаға ұшйып келуі тиіс ұшақ уақытынан 7 сағатқа кешігіп қонды. 

Ал бүгін Таразда ауа-райы қалыпты. Желдің екпіні қайтқан. Ұшақтар өз бағыттарымен ұша бастады. Дегенмен кешегі желдің кесірінен істен шыққан бағдаршамдар қала көшелерінде әлі де жанбай тұр. Салдарынан көліктер кептеліп, жолдағы қозғалысқа кедергі келтіруде.

Ал тоқ көзінен қағылған тұрғындардан тиісті мекемеге жүзден аса өтініш келіп түскен. Бірнеше тұрғын үйлердің трансформаторлары қалпына келтіруді қажет етеді. Мамандар бүгін түнге дейін электр желілерінің ақауы реттеледі дейді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Жамбыл жерінде екпінді жел тұрып, елді бір дүрліктірген болатын. 

Нұрман Бейсебаев, Тараз қалалық электр жүйелерінің «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС басшысы:

Таңертеңнен бері тұрғындардан түскен 110 өтініш бойынша жөндеу жүргіздік. Қазірдің өзінде 50-60 шақырту келді. Кешке дейін жөндеу бригадаларының күшімен барлық желілерді ретке келтіреміз. Әзірге 12 бригада жұмыс істеуде.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ