$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту басты назарда

AstanaTV
29.07.2014ж. 20:00
1107
Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту басты назарда

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бүгінде басты назарда тұрған мәселе. Ақтөбе облысында да мемлекеттік бағдарлама аясында бұл жұмыс мықтап қолға алынды. Екі қолға бір күрек іздеген мүгедек жандардың мәселесі оң шешімін табуда. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарына 5 адам жұмысқа қабылданды. Мемлекеттік мекеме өкілдері болашақта бұл үрдіс жалғасатын болады деп отыр.

Құжаттарды рәсімдеу барысында кәсіби біліктілікпен қатар жауапкершілік пен шыдамдылық қажет. Ал денсаулығына орай тағдырдың тауқыметін тартқан жандар бұл міндетті бұлжытпай орындайтыны анық. Сондықтан олар халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істеуге қабілетті. Алғашқылардың бірі болып жұмысқа шақырту алған Гүлнәр Айтжанова қолдан келмейтін жұмыс жоқ дейді. 3-ші топтағы мүгедек өз еңбегімен нәпақа табатынына қуанышты.

Гүлнәр Айтжанова, 3-ші топтағы мүгедек:

Оған да қарамай, адам талпыну керек. Білу керек, ұмтылу керек. Сол өзінің білімділігіңді, оқығаныңды көрсетсең, жұмыста әрқашан да жақсы жағынан көрінесің. Өзімді ойлаймын сол жақсы жағынан көрсетемін деп, жұмыс жағынан.

Мансұр ЕСҚОЖИН