$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді

AstanaTV
30.07.2014ж. 20:00
1282
Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді қарады.

Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың және халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері сөз болды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Асан ҚАЛИАХМЕТ