"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі тарайды деген әңгіме
шындыққа жанаспайды". Ведомство басшысының міндетін уақытша атқарушы
Жандарбек Бекшин "Астана" арнасына мұны ресми түрде мәлімдеді.
Ғаламторда кейбір саясаттанушы мамандар "күні кеше төрағасы қызметтен
босаған ведомство таратылуы ықтимал" деп болжам жасаған. Алайда Бекшин
мырза «өзі жуырда ғана құрылған агенттіктің атқарған жұмысы орасан және оны
таратуға негіз жоқ» деп мәлімдеді.
Жандарбек Бекшин, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының
міндетін уақытша атқарушы:
Ондай мәселе тұрған жоқ. Неге
десеңіз, біз жақында ғана жұмысымызды бастап отырмыз. Біздің елімізде бірінші
рет сапа мәселелері бойынша 17 тағамды саудадан алып тастадық және біздің
елге саудаға түсуіне кедергі қойдық. Біздің агенттік өзінің фунциясын
атқарады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ