$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қазақстандағы туризм нарығына ресейлік агенттіктер келіп жатыр

AstanaTV
30.07.2014ж. 20:00
1169
Қазақстандағы туризм нарығына ресейлік агенттіктер келіп жатыр

Отандық туризм саласының өкілдерінен маза қашты. Олар «жеп отырған нанымыздан» айырылып қаламыз ба деп қорқады. Айтуларынша, мыңдаған туристі тақырға отырғызып кеткен "Гүлнар тур" төңірегіндегі даудан кейін, Қазақстандағы туризм нарығына ресейлік агенттіктер келіп жатыр. Олардың кейбірінде ұшақтары, жеке әуе желісі де бар. Сондай-ақ, жолдамаларды қазақстандық фирмаларға қарағанда әлдеқайда арзан бағаға ұсынып отыр. Осылай деп бәсекелестерінің мүмкіндігін жіпке тізген отандық туризм өкілдері, бұл жағдай өздерін дәрменсіз күйге түсіріп қана қоймай, бизнестерін банкротқа ұшыратуы мүмкін дейді.

Әсел Нүркебаева, тасымалдаушы:

Арзанның аты арзан емес пе, олардың ұшақтарының немесе қонақ үйлерінің сапасы сын көтермеуі мүмкін. Демек, сырттан келген тасымалдаушының ертең "Гүлнәр турдың" кебін киіп, қашып кетпеуіне кім кепіл. Сондай жағдай бола қалса, біз оларға не істей аламыз?

Денис Кривошеев, бизнес кеңесші:

"Пегас" сияқты алпауыттар біздің нарықты құрдымға ұшыратуы мүмкін. Өз басым "Пегаспен" Мәскеуге ұшқанмын. Олар өте ірі компания, жекеменшік ұшақтары да бар. Меншігінде ұшақтары бар компанияға біздің нарықта кім лайықты бәсекелес бола алады? Ешкім. 

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ