$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Анталияда демалып жүрген 50-ге жуық қазақстандық турист қонақ үйден қуылды

AstanaTV
31.07.2014ж. 20:00
1306
Анталияда демалып жүрген 50-ге жуық қазақстандық турист қонақ үйден қуылды

Анталияда демалып жүрген 50-ге жуық қазақстандық турист қонақ үйден қуылды. Белгілі болғандай, демалушылар шет елге Almaz tourizm туристік агенттігі арқылы барған. Осы жағдайға орай, Қазақстанның туристік қауымдастығының директорына хабарласқан едік. Рашида Шайкенова: «Мәселенің мәнісін анықтауға тырысып жатырмыз»,- деді. 

Рашида Шайкенова, Қазақстандағы туристік ассоциация директоры:

Келеңсіздік қаржы мәселесінен туындаған. Almaz tourizm мен түркиялық Trek travel аударылған ақша бойынша бір шешімге келе алмауда. Қазақстандық компания ақшаны аударғанын айтса, екінші жақ түскен жоқ, әлі де қарыздары бар деп отыр. Соған байланысты, түркиялық компания қазақстандық туристерді қонақ үйден қуа бастаған. Біз Trek travel басшылығымен әңгіме жүргізіп, ақыры туристер қонақ үйге қайтарылды. Туристерге қолайсыздық келтірмеу үшін, барлық шаралар жүргізілетін болады. Ал «Almaz tourizm" компаниясы банкротқа ұшырады деген сыбыс шындыққа жанаспайды. Олар жұмысын жалғастыруда.

Ал «Almaz tourizm" компаниясының жетекшісі мәселенің әлі де толықтай шешімін таппағанын, туристердің барлығы бірдей қонақ үйге орналаспағанын айтты. Сондай-ақ қонақ үй қожайындарының мәселеге туристерді араластырғанына қынжылады.

Айнұр Бәкібаева, «ALMAZ TOURIZM» туристік компаниясының басшысы:

Олардың берген мәліметі бойынша, оларды қайтадан отельге алды. Бірақ туристер звондап жатыр. Кейбіреулері туысқандарында. Бәрі кірмеген. Олар туристердің қалталарындағы бар ақшаларын алған, отельге төлеген. Соған қарамастан, бізден тағы ақша сұрап жатыр. Ол жағы енді біраз қиын мәселе. Қазіргі таңда ертең бүгін шығатын туристердің путевкаларының күнін ауыстырып жатырмыз. Кейбіреулері «жоқ, бармаймыз» дегендерге төлеген ақшаларын қайтарып беріп жатырмыз. 

Т.АМАНАЛИЕВА