$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

AstanaTV
31.07.2014ж. 20:00
1144
Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Істе қылмыс құрамы жоқ деп танылған. Бұл жөнінде "Астана" арнасына қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлады.

Еске салайық, Артаевтың үстінен Айсұлу Ыбрашева деген бойжеткен Астана қалалық ішкі істер департаментіне шағым түсірді. Ол 29 маусымға қараған түні боксшының өзін ұрғанын айтқан. Алайда көңіл көтеру орнының күзетшілері қыздың сөзін жоққа шығарды. Артаевтың өзі қарсы мәлімдеме жасап, керісінше Айсұлудың өзі айқайлап, соңында тіпті қол жұмсағанын да мәлімдеген. 

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Азаматша Айсұлу Ибрашеваның арызы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257-бабы, яғни бұзақылық қылмыстық іс қозғалған. Тиісті тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық белгілер болмағандықтан, Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс қысқартылды. 

Жұрағат БАМАН