Бүгін жоғары оқу орындарына құжат
кабылдаудың соңғы күні. Қызылордадағы Қорқыт-Ата университетінің оқу
ғимаратындағы кезек те азайған. Құжат тапсыруға келетіндердің түнгі қарбаласы
жөнінде "Астана" арнасында көрсетілген бейнематериалдан кейін мұнда техникалық
хатшылар саны көбейген. Бұл жайында арнамызға университеттің проректоры айтты.
Абайбек Жүнісов, Қорқыт-Ата
атындағы ҚМУ проректоры:
29 шілде күні "Астана" телеарнасынан көрсетілген материал жөнінде толық талдау жасап кеткім келеді.
2014 жылдың 28 шілдесі күні конкурсқа қатысушы талапкерлердің көп болуы
себебінен және облыстың алыс аудандарынан, шет елді мекендерінен келген
талапкерлердің, олардың ата-анасының өтініші келіп түсті. Яғни ол өтініштері
бойынша сол күні құжаттарын тапсырғысы келетіні. Сондықтан қабылдау комиссиясын
құрамы сол күні құжаттарды түнгі 2.30-ға дейін қабылдады.
Шілденің 23-і мен 31-і
аралығында үш жарым мыңнан астам түлектің құжаты қабылданды. Өзге мәліметтер
ертең белгілі болады. Сол кезде аймақтағы талапкерлер арасында нақты қай
мамандыққа сұраныстың жоғары екені де мәлім болмақ.
Шарипа САҚТАПОВА
: }