$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Ақтөбе» футбол командасы Румынияның «Стяуа» клубынан 2:1 есебімен жеңілді

AstanaTV
07.08.2014ж. 20:00
1980
«Ақтөбе» футбол командасы Румынияның «Стяуа» клубынан 2:1 есебімен жеңілді

«Ақтөбе» футбол командасы Румынияның «Стяуа» клубымен сырт алаңда жауапты кездесу өткізді. Оның қорытындысы бойынша жерлестеріміз Чемпиондар лигасындағы жарыс жолын тоқтатты. Бухарестте өткен ойын 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. Алғашқы гол кездесудің 3-ші минутында соғылды. Тез ұйымдастырылған қарымта шабуыл барысында Александру Кипчу Қазақстан командасы қақпасының кілтін таба білді. Ойынның бірінші жартысы аяқталмай жатып румындар есепті еселеп үлгерді.

Ақтөбенің үзіліске дейін есепті теңестіретін мүмкіндігі болған. Алайда Марат Хайруллин мен Алексей Антонов оны пайдалана алмады. Ойынның екінші жартысында қос бірдей ескерту алған «Ақтөбе» командасының капитаны Юрий Логвиненко алаңнан қуылды. Десе де, Газзаев шәкірттері кездесудің соңғы минуттарында Тимур Кападзенің көмегімен доп айырмашылығын қысқарта білді. Алайда бұдан артыққа команданың күші жетпеді.

Еске салайық, ақтөбеліктер өз алаңында «Стяуамен» 2:2 есебімен тең ойнаған. Екі кездесудің есебі 4:3. «Ақтөбе» клубы енді мүмкіндігін Еуропа Лигасының плей-офф ойындарында сынап көреді.



Қос қазақстандық клуб бүгін Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда жауапты матчтар өткізеді. «Астана» футбол клубы Стокгольмде жергілікті «АИКпен», қарағандылық «Шахтер» хорватиялық «Хайдукпен» күш сынасады. Қазақстан жерінде өткен алғашқы кездесуде елордалықтар «АИК пен» 1:1 есебімен тарқасса, «Шахтер» «Хайдукты» 4:2 есебімен ұтқан болатын. Алғашқы матч жерігілікті уақыт бойынша 23:00-де басталады деп жоспарлануда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ