$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Ақтөбе» өз алаңында румыниялық «Стяуамен» тең түстi

AstanaTV
31.07.2014ж. 20:00
1397
«Ақтөбе» өз алаңында румыниялық «Стяуамен» тең түстi

«Ақтөбе» өз алаңында румыниялық «Стяуамен» тең дәрежеде ойын көрсетті. Мұның алдында отандық футбол клубы екі кездесуде қатарынан жеңіске жеткен. Өткен аптада ғана команда тбилисилік «Динамоны» тізе бүктіргені есте. Бұл жолы тең ойынды қанағат тұтуға мәжбүр болды.  

Қазақстан Премьер лигасының чемпионы «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшiншi кезеңінде румыниялық «Стяуамен» тең түстi. Есеп 2:2. Өз алаңында өткен кездесуді қазақстандық команда белсендi бастаған. Алайда «Стяуа» тарапынан болған шабуылдардың бiрiнде Сидельников қателiкке бой алдырып, қонақтар есеп ашты. Гол авторы - Кешеру. Екiншi таймда Коробкин бұрыштамадан берiлген пасты ұтымды пайдаланып, есептi теңестiрді. Бiрақ ақтөбелiк жанкүйерлердiң қуанышы көпке созылмады. Алыстан тебiлген доп қорғаушылардың бiрiнен серпiлiп, қақпаға түсті. Көп күш жұмсамай, екi соққы жасап, екеуiн де голға айналдырған қонақтар жеңiсті ұстап қалу үшін, қорғанысқа жатып алды. Алайда «Ақтөбе» футболшысы Арзуманян соңғы минуттарда гол салып, жергiлiктi команданы жеңiлiстен сақтап қалды. Команданың бас бапкері ойын қорытындысына көңілі толмайтынын білдірді.

Владимир Газзаев, «Ақтөбе» ФК бас бапкері:

Ойынның есебіне көңілім аса толмады. Таблодағы сандар алаңда өткен ойынға сай емес. Жауапты кездесуде қажетті жетістікке қол жеткізуге бар күшімізді салатын боламыз. Әрине, қиын екені барлығымызға белгілі. Қарсыласымыз өте мықты команда. Бірақ алынбайтын қамал болмайды.



Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы маусымына дайындық аясында швейцариялық «Давос» командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіске қол жеткізді. Сәрсенбі күні Давос қаласында өткен матч аса тартысты болды. Ақыры 4:3 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Барыс сапында Роман Савченко, Майк Ландин, Евгений Рымарев және Константин Руденко нәтижелілігімен көзге түсті. «Барыс» командасы «Давоспен» 3 тамыз күні Швейцарияның Сурси қаласында тағы бір ойын өткізеді деп жоспарланып отыр.



Геннадий Головкиннің австралиялық Дэниэл Гилға қарсы жекпе-жегі «Чемпионат» сайтының нұсқасы бойынша кәсіби бокста шілде айындағы ең үздік жеті жекпе-жектің қатарына енді. Бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин австралиялық боксшыны 3-раундта сұлатып салған болатын. Естеріңізге салайық, кездесу 27 шілдеде Нью-Йорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өттi. Жекпе-жекті телеарнадан 100-ден астам ел көрдi. Бұл - Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-кездесуі. Осы жұдырықтасуында қазақстандық боксшы өзінің WBA чемпионы титулын 11-рет қорғап қалды. Ол 30 кездесудің 27-сiн нокаутпен жеңген.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ