$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Мұнай өнімдерінің тапшылығы күн өткен сайын анық байқалуда

AstanaTV
01.08.2014ж. 20:00
1642
Мұнай өнімдерінің тапшылығы күн өткен сайын анық байқалуда

Ресейліктер үшін мұнай өнімдерін Қырғызстанға сату тиімді болып тұр. Бірқатар сарапшылардың пікірі осылай. Өйткені қырғыздардағы баға тоннасына 800-900 долларға дейін жетеді. Ал бізде жанар-жағармай құнының шектеулі екені белгілі. Сондықтан ресейліктер пайда неғұрлым мол түсетін жолды іздестіруде. Қырғызстанға мұнай тасымалының жанданғаны да содан.

Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы жанар-жағармай қауымдастығының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, мұның салдары елімізде бензин мен дизель отынының тапшылығы сезілуіне әкеп соқтырған. 

Жақсылық Жанқалов, «Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығының» заңгері:

Біз жаңа графикті көрсеттік. Осы графикке сәйкес, ақпан айынан бері, яғни ақпан мен шілде аралығында бүкіл облыстарға мұнай өнімдерін таратып беру көлемі екі есеге қысқарған.

Асан ҚАЛИАХМЕТ