$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Экономистер девальвацияның екінші толқыны болмайтынын айтуда

AstanaTV
01.08.2014ж. 20:00
1406
Экономистер девальвацияның екінші толқыны болмайтынын айтуда

«Қазақстанда ұлттық валютаның құнсыздануы қайталанбайды. Кешегі ақша айырбастау пунктерінде болған жағдай техникалық себептерге байланысты.» Сарапшылардың «тағы да девальвация қайталануы мүмкін» деген болжамына Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов осылай жауап берді.

Ақпандағы девальвациядан соң теңгенің тағдырына қатысты кез келген болжамды қазақстандықтар қауіппен қабылдайды. Осы аптада «девальвация қайталанады» деген сыбысты естіп, дүрліккен жұрт кеше ақшаларын ауыстыруға асықты. Алайда мамандар алаңдауға еш себеп жоқ деп отыр. Қазақстан экономистер қауымдастығының атқарушы директоры банктер мен ақша айырбастау орындарында жағдайдың тұрақты екенін айтты.

Олжас Құдайбергенов, Қазақстан экономистер ассоциациясының атқарушы директоры:

Кешегі жағдай техникалық себептерге байланысты болған. "Теңге тағы құнсызданады" дегенді естіген халық банктер мен ақша ауыстыру пунктеріне ағыла бастаған. Әр ақша ауыстыру пунктінде өздерінің күнделікті жоспарланған валюта көлемі болады. Бірден долларға сұраныс артқан соң, оның үстіне банктер кешке жабылған соң, ақша ауыстыру пункттерінде валютаның жетіспеушілігі байқалған. Халық содан дүрліккен. Бірақ бүгін таңертеңнен бастап барлық банктер мен айырбастау орындары қажетті валютамен қамтамасыз етілді. Сондықтан валюта жетіспейді деуге еш негіз жоқ. Ал доллардың бағасын көтеру Ұлттық банктің жоспарында да жоқ. Сондықтан жақын арада тағы девальвация болуы мүмкін емес.

Бүгін Астанадағы айырбастау пунктерінде жағдай тұрақты. Валюта курстары межеден аспаған. Аспандап тұрған баға байқалмайды. Бас қала тұрғындары да девальвация қайталанады дегенге сенгілері келмейді. 

Айтып еді ғой 5 жылға деп әнеукүні. Сосын ойлаймын, болмайтын шығар.

Нет, в такие вещи не верю. Экономика работает, и курс доллара не должен подняться.

Хочется не верить в это. У меня просто нет денег. И мне переживать не за что. 

Т.АМАНАЛИЕВА