Қостанайдағы ірі сауда орталығында төтенше жағдай тіркелді. Жертөледен бірінші қабатқа көтерілетін эскалатор төбесіндегі жабынды қаңылтыр
мен қатып үлгірмеген бетон құлап түскен. Сол уақытта сауда үйінде болған екі
адам жарақат алды. Зардап шеккендер бірден қалалық ауруханаға жеткізілген.
Зәмзагүл Айдарбекқызы, Қостанай облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық
құтқару қызметі» ММ баспасөз хатшысы:
Қаңылтырлардың құлауы салдарынан екі адам зардап шекті. Қазір екеуі де
қалалық ауруханада жатыр. 1958 жылғы ер адамның миы шайқалған. Екі қабырғасы
сынған. Ал 18 жасар қыз бала тізесінен төмен жарақат алған. Жарақаты әжептәуір,
қазіргі уақытта ауруханада.
Қабырғасы сынып, омыртқасына зақым келген ер адамның жағдайы ауыр
болғандықтан, облыстық ауруханаға жөнелтілген. Ал қыз баланың өміріне аса
қауіп төніп тұрған жоқ.
Заңғар САНАЙ