$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола безгегімен күреске 100 миллион доллар бөлетін болды

AstanaTV
01.08.2014ж. 20:00
1302
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола безгегімен күреске 100 миллион доллар бөлетін болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола безгегімен күреске 100 миллион доллар бөлетін болды. Батыс Африкада өршіген індеттен ажал құшқандар саны бүгінде 700 адамнан асты. Тағы 1000-ға жуық тұрғын аталған сырқатты жұқтырып үлгерген.

Жағдайдың ушығуына Эбола вирусына қарсы вакцинаның жоқтығы да себеп болып отыр. Бұл індетке шалдыққандардың шамамен 90%-ы өлім құшады. Қайғылы жағдайлар негізінен Гвинеяда, Либерия мен Сьерра-Леонда тіркелді.

Ал Африкадан тыс елдер арасында алғашқы болып дерттің құрығына ілінген - Қытай. Гонконгте эбола індетіне ұқсас белгілер байқалған бір науқас ауруханаға жатқызылды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА