$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алдағы қазанда Парламенттің жоғарғы палатасына депутаттар сайланады

AstanaTV
01.08.2014ж. 20:00
1385
Алдағы қазанда Парламенттің жоғарғы палатасына депутаттар сайланады

Алдағы қазанда Парламенттің жоғарғы палатасына депутаттар сайланады. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 136 миллион теңге қаражат жұмсалмақ. Жергілікті мәслихат депутаттары жанама сайлау арқылы 16 сенаторды таңдайтын болады. Мұндай тәжірибе әлем бойынша қос палаталы парламенті бар 77 мемлекеттің 12-сінде қолданылатын көрінеді.

Айта кетейік, 2008 жылы сайланған сенат депуттаттарының өкілеттігі ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында аяқталады. Осыған орай Қазақстан Президентінің 31 шілде күнгі Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде 1 қазан күні сайлау өтпек. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сенаторларды таңдаудың тәртібі мен реті жайында ақпаратпен бөлісті.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сенат депутаттығына үміткер тиісті облыстағы мәслихат депутаттарының 10 пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Екіншіден, ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы Орталық сайлау комиссиясының арнайы шотына депозит ретінде 300 мың теңгеден кем емес сайлау жарнасын енгізуі қажет. Үшіншіден, үміткер мен оның жұбайы салық органдарына өз табысы және мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелерін 1 қазанда бір күн ішінде жүргізеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ