Қазақстан тұңғыш әйел ғарышкерді дайындайды. Бұл туралы Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері ұшқыштары мен ғарышкер Айдын Айымбетовтың кездесуі барысында авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин мәлімдеді. Айтуынша, тұңғыш әйел ғарышкерді дайындау туралы бастаманы елбасы көтерген.
Александр Сорокин, ҚР ҚМ ҚК Әуе қорғанысы күштерінің авиация генерал-лейтенанты:
Президент поставил задачу - подготовить первую девушку-космонавта, вы знаете, да? Это такая негласная. Будут сейчас искать. Это будет открытие для Казахстана - женщина Казахстана полетела в космос.
Кездесу барысында ғарышкер Айдын Айымбетов өзімен бірге орбитада жер шарын 156 рет айналып шыққан Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің туын әріптестеріне салтанатты түрде табыс етті. Өз кезегінде Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов полковник Айымбетовті Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдінов атындағы төсбелгімен марапаттады.
Ж.БАМАН