$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Өскемен су электр стансасында негізгі трансформатордың ауысуы өнімді арттырмақ

AstanaTV
07.08.2014ж. 20:00
1509
Өскемен су электр стансасында негізгі трансформатордың ауысуы өнімді арттырмақ

Өскемен су электр стансасында екі гидроқондырғы жаңғыртылды. Сондай-ақ бас трансформатор алмастырылды. Бұл станцияның жұмыс істеу мерзімін кем дегенде 40 жылға ұзартады. ГЭС өкілдері мәлімдегендей, электр стансасының беріктігі мен сейсмотұрақтылығын арттыра түседі. Сондай-ақ өнім қуаттылығын 9 мегаваттқа күшейтпек. Қазір жөндеу жұмыстары толығымен жүріп жатыр.

Нысанның жөнделуі мен қондырғыларды қалпына келтіруге биыл 3,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Бұған дейін 20 жыл бойы станцияға иелік еткен америкалық компания осы  жұмыстарға  жыл сайын 800 миллион теңге бөлумен шектелгенін айта кету керек. Осылайша ГЭС-тің мемлекет меншігіне берілуі оның жұмысына тың серпін берді.

Мамытхан Салыбеков, ҚР АЕS қуат өндіруші компаниялардың президенті:

АЕС корпорациясының жылдық қуат өндіру әлеуеті 5 миллиардқа жетті. Негізінен Шығыс Қазақстан облысы аумағына таратылады. Алайда ел ішінде энергияға сұраныстың ұлғаюына байланысты, қуат көзін Республика көлемінде де таратамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

 

Алдыңғы жаңалық