Павлодар қаласы әкімінің жүргізушісіне айыппұл салынды. Облыстық ішкі істер
департаментінің мәліметінше, шаһар басшысының жүргізушісі жол ережесі
талаптарын өрескел бұзған. Темір тұлпарын тыйым салынған жерге қойғаны
былай тұрсын, полицейлер қызметтік көлік терезелерінің тұмшаланғанын анықтады.
ІІД баспасөз хатшысының айтуынша, қос бірдей заң бұзушылықтың салдарынан әкімнің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіштен айыппұл тағайындалды.
Оқиға өткен аптаның бейсенбісінде
орын алған. Қала әкімінің жүргізушісі көлігін «кіруге болмайды» деген белгіге
қарамастан, тыйым салынған аумаққа қояды. Қазір бұл белгі алынып, орнына
«қозғалысқа тиым салынған» деген белгісі бар тақтайша орнатылған.
Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
"Тойота Ланд Крузер" автокөлігінің жүргізішісі жол көлік ережесін бұзғаны
үшін әкімшілік жазаға тартылды. Оған жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ