$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қазақстан мен Ресей шекарасында 50 тоннаға жуық дизель отынын заңсыз алып өтпек болғандар құрықталды

AstanaTV
04.08.2014ж. 20:00
1464
Қазақстан мен Ресей шекарасында 50 тоннаға жуық дизель отынын заңсыз алып өтпек болғандар құрықталды

Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасында 50 тоннаға жуық дизель отынын заңсыз алып өтпек болғандар құрықталды. Арнайы тексеру кезінде «Аят» шекаралық жасағы екі «Форд Карго» автокөлігіне ірі көлемдегі сұйық отынды тиеп, Қазақстаннан Ресейге бет алған 2 адамды ұстаған. Екеуі де Ресей Федерациясының азаматтары болып шықты. Жөнелтпе құжатында аталған жүк тұрмыстық жанар-жағармай деп көрсетілген. Заңсыз айналымнан алынған тауар Қостанай облыстық экономикалық қылмыстармен күрес басқармасына берілді. Қазір тексеру шаралары жалғасуда.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай бұған дейін де тіркелген еді. Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан 25 тонна дизель отыны, 28 тонна шикі мұнай мен 40 тоннаға жуық бензинді заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кескен болатын.

Т.АМАНАЛИЕВА