$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 853 ұйымның 14-і сатылды

AstanaTV
04.08.2014ж. 20:00
1113
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 853 ұйымның 14-і сатылды

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында осы жылы 853 ұйымның 14-і сатылып үлгерді. Одан мемлекет қазынасына бастапқы жоспар бойынша 49 миллион теңге түсуі тиіс еді. Алайда түскен пайда едәуір артық. Мемлекет меншігіндегі 12 кәсіпорын мен өзге де 2 нысан 62 миллион 300 мың теңгеге саудаланған.

Орталық коммуникациялар қызметінде жекешелендіру ісіне жауапты бірнеше ведомствоның шенеуніктері брифинг өткізіп, жобаны жүзеге асыруға қатысты тың ақпараттармен бөлісті.

Марат Құсайынов, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі:

Ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша бәсекелес ортаға 337 актив беріледі. Оның ішінде "Самұрық Қазына" қоры бойынша 106 актив, "Байтерек" холдингі бойынша 15 актив, "ҚазАгро" - 32, "Парасат" - 8 және "Зерде" - 2.

Кәсіпорындарды жеке қолға беру түрлі салада бәсекелестікті күшейтуге оң әсерін тигізбек. Сондай-ақ журналистер тарапынан «кәсіпорындарды жекешелендіру нарықтағы бағаға әсер етпей ме» деген сауал туындаған. Осыған орай бәсекелестікке жауапты агенттік төрағасы сенімді түрде «жоқ» деп жауап қатты.

Ғалым Оразбақов, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы:

Нысан мемлекеттік болса да, жекеменшік болса да, оның қызметіне біз ықпал ете аламыз. Егер қандай да бір кәсіпорын өзінің үстемдігін асыра пайдалануға әрекеттенсе, міндетті түрде шара қолданамыз. Егер мемлекеттік нысан жекеменшікке айналған соң, бағаны құбылтатын болса, олардың жұмысына араласуға өкілеттіміз


Азамат АЛДОҢҒАРОВ