Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. 20 жастағы жас теннисші
WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озды. Вашингтонда өткен турнирде
Зарина аталған рейтингтегі 53-орнын сақтап қала алды. Оның қоржынында 1019
ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Ярослава Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-орынға
тұрақтады.
Теннисшілер рейтингінде Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева
164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингте
америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орынды қытайлық Ли На
еншілесе, үздік үштікте румыниялық Симона Халептің де есімі жазылған.
Жұрағат БАМАН