$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Ресейдің Қытайға тартатын транзиттік газ құбыры Қазақстан астанасы арқылы өтуі мүмкін

AstanaTV
27.08.2014ж. 20:00
1686
Ресейдің Қытайға тартатын транзиттік газ құбыры Қазақстан астанасы арқылы өтуі мүмкін

Ресейдің Қытайға тартатын транзиттік газ құбыры Қазақстан астанасы арқылы өтуі мүмкін. Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин газды Орталық Қазақстан арқылы шығыс көршіге тасымалдау мүмкіндіктері туралы Қазақстан үкіметі атынан Ресей тарапына ұсыныс жасалғанын хабарлады.

"Ресейден бастау алатын газ құбыры желісін біздің елімізбен, оның ішінде Астана арқылы өткізіп, Қорғасқа не Алашаңқайға дейін жеткізіп, Қытайға шығаруға болады. Осы мәселені тәптіштеу үшін қазір жұмыс тобын құрмақпыз",- дей келе, вице-министр бұл ұсыныс сәуірде, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің үкімет басшылары кездесуінде жасалғанын айтты.

Қарабалин бұл идея тараптарға жағып отырғанын баяндағанымен, ықтимал мерзімдерді не газ құбырын тартуға жұмсалатын шығындар бойынша мәлімет келтірмеді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ