$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Эбола безгегі Америкаға жетті

AstanaTV
05.08.2014ж. 20:00
1810
Эбола безгегі Америкаға жетті

Эбола безгегі Америкаға жетті. АҚШ-қа қатерлі дерттің белгілері байқалған 2-ші науқас жеткізілген. Олар Либерияда дәрігер болып жұмыс істеген азаматтар. Әзірге нақты диагноз қойылмады. Бірақ екі науқас та әзірге оңашаланған бокстарда жатыр.

АҚШ-тағы індеттің алдын алу мен бақылау орталығына күніне мыңдаған азамат хабарласып, «Эболаның елге тарауына қалайша жол бердіңдер?» деп наразылық білдіруде. Қоғамдағы қарсылықтарды танымал кәсіпкер Дональд Трамп өз Твиттері арқылы да айтты. Ол тіпті елде болып жатқан жағдайды «естен алжасу» деп бағалаған. Миллионердің айтуынша, бұдан емі жоқ оба ауруы басталып кетуі мүмкін. Сондықтан АҚШ билігін Эбола вирусы қаулап жатқан Африкадан азаматтардың ұшып келуіне тыйым салуға шақырды.

Бұл аурудан қазірдің өзінде 870 адам мерт болды. Ал аталған індетке қарсы вакцина жоқ. Вирус Америкаға тараған жағдайда, фармкомпаниялар ауруға қарсы дәрі ойлап табады деген жоспар да бар. Ал әзірге Дүниежүзілік банк Эбола безгегімен күресу үшін 200 млн доллар бөлетінін мәлімдеді.   

Т.АМАНАЛИЕВА