Атырау аймағы ластанып жатыр. Мұнда жыл сайын 40 мың тоннадан астам зиянды
зат қоршаған ортаға тасталады. Қалдықтардың қомақты бөлігі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның батыс филиалына, Атырау мұнай өңдеу зауыты мен арнайы автобаза мекемесінің
қоқыс полигонына тиесілі. Мұндай мәлімдемені мұнайлы өңірдің бас жоспарын жасап
жатқан «Казгипроград-1» жобалау институты жариялады.
Рафаэль Тамирдинов, "Казгипроград-1" ЖШС жетекші инженер –
экологы:
Мекемелердің жобалық құжаттарында анағұрлым ластау мөлшері байқалмайды.
Есесіне, жүргізілген мониторингте азот қышқылы мен метан мөлшері тиісті
деңгейден асқаны байқалады. Аталған кәсіпорындарда бақылау бекеттері бар,
алайда олардағы деректер кемітіп көрсетілген.
Экология департаменті қоршаған ортаға қауіп төндірген кәсіпорындарды
қаладан аластауға мүдделі. Бас жоспарды жасаушы мекемеге бірнеше ұсыныс түсіріп
үлгерді. Енді солардың орындалуын бақылауда.
Болат Төремұратов, Атырау облыстық экология департаментінің бөлім бастығы:
АМӨЗ эстакадаларының бәрі қаланың сыртына шығарылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар қаладан 15-20 шақырым жерге апару
керек. Мұнай айдайтын, өңдейтін, құятын. Оларды да қала сыртына шығару туралы
ұсыныс берілді. Егер біздің ұсыныстарымыз қабылданбаса, Бас жоспарды кейінге
қайтарамыз.
Базаргүл ІЗІМОВА