$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Парламенті Сенатының сайлауына 72 азамат өз кандидатурасын ұсынды

AstanaTV
05.08.2014ж. 20:00
1144
Қазақстан Парламенті Сенатының сайлауына 72 азамат өз кандидатурасын ұсынды

72 азамат сенатор болуға үмітті. Қазақстан Парламенті Сенатының сайлауына осынша азамат өз кандидатурасын ұсынды. Олардың төртеуі - әйел. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатының сайлауы 1 қазанда өтеді деп жоспарланып отыр. Үміткерлерді ұсыну Астана, Алматы қалалары мен облыстардың, қалалар мен аудандардың мәслихат сессияларында немесе өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша жүргізіледі.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік төрт адамды құрады. Әзірше ең аз бәсекелестік екі өңірде байқалып отыр. Оларда бір мандатқа үш адамнан. Ең көп бәсекелестік үш облыста, бір мандатқа алты үміткерден болып отыр. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сай, кандидаттыққа ұсыну ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін созылады.

Жұрағат БАМАН